Ұлытау облысында алапат өрттің ортасында қалған ер адам құтқарылды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиға Сәтбаев қаласының өнеркәсіптік аймағында болды

Фото: istockphoto.com

Ұлытау облысында алапат өрттің ортасында қалған ер адамға жасанды тыныс алу массажы жасалып, құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Сәтбаев қаласының өнеркәсіптік аймағында нан зауытының жанында гаражда өрт шықты.

«Жедел жеткен өрт сөндірушілер гараждын есігін ашып, қою түтіннің арасынан ер адамды тапты. Содан кейін оны далаға шығарып, жасанды дем алдырды. Жану өнімдерімен уланған зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты.

Өрт сөндірілді, себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.