Синоптиктер дауылды ескерту жариялады
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тараз, Қызылорда қалаларында, сол сияқты Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі.
Ақтау, Атырау қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады.
Қарағанды, Талдықорған, Шымкент, Түркістан қалаларында, Қарағанды, Жетісу, Қостанай, Түркістан облыстарында тұман күтіледі.