5 маусымнан бастап қалааралық автобус жүре бастайды
Қазақстандағы блок-бекеттер 1 маусымнан бастап ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрғасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлім етті.
«Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 1 маусымнан бастап Қазақстан бойынша блок-бекеттер ашылады. 5 маусымнан бастап Қазақстан ішіндегі тасымал қалпына келеді», - деп хабарлады ол.
Осылайша, Қазақстанда қалааралық 313 мартшурт іске қосылады. Бірақ Тайжанов мәлім еткендей, автобустар мен пойыздарда және блок-бекеттерде бұрынғыдай санитарлық талаптар сақталады.