Президент өкімі жарияланды
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жаңа ректор тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұрынғы ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл президент өкімімен қызметінен босатылды.
«Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.