Павлодарда мүгедек жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Автор: Асыл Арман

Қазір мүгедек жігітті іздеу жұмысы жүріп жатыр

Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодарда үшінші топтағы мүгедек жігіт із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, ол 24 ақпан күні сағат 15.00-де үйінен шығып кетіп, сол қалпы қайтып оралмаған.

«1995 жылы туған, 3-топтағы мүгедек (БЦП, ЗПР) Шакенов Ерлан Асхатұлы үйінен кетіп қалып, қайтып оралмады. Өзімен бірге ұялы телефоны бар. Бұрын да кетіп қалып жүрген. Егер сіздерде қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

  • Белгілері: бойы 170 см, дене бітімі орташа.
  • Киімі: «REEBOK» деп жазылған қара куртка, қара шалбар, қара аяқ киім.
  • Полиция хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.