Бұл топ Қазақстанға осыған дейін бірнеше рет келген
Америкалық Thirty Seconds to Mars рок тобы Алматыда 2025 жылдың 21 маусымында өнер көрсетеді. Концерт қалалық дене шынықтыру-жаттығу кешенінде өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы іс-шара туралы топ жетекшісі Джаред Лето қазақстандық жанкүйерлерге арнаған видео үндеуінде айтты.
Іс-шара топтың турнесінің бір бөлігі болады. Алматыдан кейін Thirty Seconds to Mars тобы Польшаға жол жүріп, Лодзь қаласында «Атлас Арена» сахнасында өнер көрсетеді, одан кейін Германияға – Галле-Саале және Сент-Горшаузен қалаларына барады.
Бұл топ Қазақстанға осыған дейін бірнеше рет келген. 2024 жылы Thirty Seconds to Mars Орталық Азия мен Кавказда өнер көрсетіп, қайта оралатындарын айтқан.