Жылқыны құтқару үшін үш сағат уақыт жұмсалған
Ақтөбе облысында құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен жылқыны судан шығарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе қаласының тұрғындары Елек өзенінің бойындағы кешкі серуендеу кезінде тек басы мұздың үстінде көрініп тұрған жылқыны байқап, құтқарушыларға хабар берген.
«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолдың жоқтығына байланысты айтарлықтай қашықтықты жаяу жүріп өтіп, трос арқылы жануарды мұзға көтеруге тырысты, бірақ мұз оның салмағын көтере алмады.
Содан кейін кәсіби құтқарушылар биеге жағаға дейін жол ашуға шешім қабылдады. Үш сағатта құтқарылып, жақын маңдағы шаруашылықтың жылы қорасына орналастырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.