Сараптама нәтижелері оның тұншықтырып өлтірілгенін көрсетті
Қостанайда 21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, полицияның жедел уәкілдері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, өткен жылдардағы аса ауыр қылмысты ашты. 2003 жылдың мамырында өз үйінің ауласынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар 21 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Сараптама нәтижелері оның тұншықтырып өлтірілгенін көрсетті.
Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция күдіктілердің бірін анықтады, бірақ оның кісі өлтіруге қатысқаны туралы дәлелдер жеткіліксіз болды. 20 жыл өтті және қызметкерлер дәлелдемелерді мұқият жинауды, іс материалдарын талдауды тоқтатпаған.
Осы жылдың ақпан айында қосымша іс-шаралар кешенін өткізу барысында полицейлер 44 жастағы күдіктіні ұстады.
«Ол 2003 жылдың ақпанында марқұммен танысқанын мойындады. Алкогольді бірге ішкеннен кейін ол оған жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған, алайда соңғысы бас тартқаннан кейін, ер адам оны тұншықтырып өлтірді.
Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қостанай облысы ПД жыл басынан бері өткен жылдардағы 44 қылмыстың ашылғанын атап өтті», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.