Боксшының әйелі жағдай туралы айтты
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров зорлады деген бойжеткен Әнару Құрманәлі сотталайын деп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Боксшының жұбайы Клара Иса Instagram парақшасында желі қолданушыларының бірі қойған сауалға жауап берді.
«Анау әйел не болды осы? Экранға шыққан, зорлады деп?» - деп сұрақ қойды желі қолданушысы.
Оған боксшының жұбайы қысқаша жауап қайтарды.
«Жала жапқаны үшін сотталайын деп жатыр», - деп жауап берді.
Айта кетейік, осыған дейін Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені, кейін жала жапқаны үшін боксшының өзі оның үстінен арыз жазғаны хабарланған болатын.