Соңғы 13 айда 1238 есірткі қылмысы тіркелді
Астанада қылмыскерлерден былтырдан бері жүздеген килограмм есірткі табылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорданың есірткіге қарсы күрес департаментінің аға анықтаушысы полиция подполковнигі Ләйлә Рахимова елордадағы есірткі қылмысының ауқымы туралы статистикалық мәліметтер келтірді.
«2024 жылдың 12 айы мен 2025 жылдың қаңтарында 1238 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде 304 есірткінің заңсыз айналымы. Заңсыз айналымнан 358 келіден астам есірткі, оның ішінде 41 келі синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.
Сондай-ақ, соңғы кездері қылмыскерлер есірткіні тасымалдау мен өткізудің және жасырудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін ойлап тауып, жетілдірілді. Сондықтан есірткі қылмысын азайту мақсатында есірткіні жарнамалайтын граффити суреттерін жою жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, 2024 жылы 2747 ұқсас графити анықталып, жойылды», - деді ол.