Қарағандыда 700-ден астам шетелдіктің елге келуіне рұқсат берген қылмыстық топ ұсталды
Қылмыстық топтың жұмысын анықтауда прокуратура мен ҰҚК бірлесіп жұмыс істеді

Қарағандыда заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтың мүшелері қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс прокуратурасы ҰҚК департаментімен бірлесіп, шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсатты заңсыз беруді ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.
«Қылмыстық схемаға ХҚКО, медициналық мекемелердің қызметкерлерінің және «көмекшілер» деп аталатындардың кіргені анықталды.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың аталған фактісі облыс прокуратурасының АЕК-іне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҰҚКД ТБ-ға жіберілді, қазіргі уақытта үш айыпталушы сотқа берілді.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайлары жария етуге жатпайды», - делінген прокуратура хабарламасында.