Жергілікті тұрғынның үйіне тінту жүргізілді
Ақтау қаласында 34 жастағы азаматты тінту кезінде 5,2 келі қара уылдырық табылып, тәркіленді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кейін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы азаматтың тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, полиция тағы 5,8 келі қара уылдырық тәркіледі.
Тәркіленген уылдырықтың жалпы салмағы шамамен 11 келіні құрады.