Әкімдік қандас мәртебесін алған азаматтарға қатысты мәлімдеме жасады
Астанада 2025 жылдың басынан бері 72 адам қандас мәртебесін алған. Бұл туралы Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері елордада 72 адам қандас мәртебесін алды – 45 әйел және 27 ер адам. Оның 52-сі Өзбекстаннан, 7-еуі Ресей Федерациясынан, 6-ауы Қытайдан, 5-еуі Түрікменстаннан, Моңғолия мен Түркиядан бір-бірден келген. Еңбек жасындағы үміткерлер саны – 40 адам, мектепке дейінгі және мектеп жасында – 26 адам, алтауы – зейнеткер.
«Еңбек жасындағы үміткерлердің 16-сы ның жоғары, 16-сының орта арнаулы, 8-інің жалпы орта және бастауыш білімі бар. «Мамандық (біліктілік) бойынша білім беру саласында – 7 адам, денсаулық сақтауда – 5, басқа мамандықтар бойынша – 28 адам», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.
Сондай-ақ, жыл басынан бері елорда 27 этникалық қазаққа қандас мәртебесі ұзартылды. Алыс-жақын шет елдердегі этникалық қазақтардың отбасын біріктіру мақсатында екі шақырту берілді.
2024 жылы Астанада 969 адам қандас мәртебесін алды, олардың 544-і Өзбекстаннан, 221-і Қытайдан, 132-сі Ресей Федерациясынан, 48-і Моңғолиядан, 8-і Түрікменстаннан, 9-ы Қырғызстаннан, 2-еуі Ауғанстаннан, 3-еуі Кипрден, 2-еуі Тәжікстаннан келген.