Сериал көру, тамақ ішу, күтім жасау: Ерке Есмахан жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол Instagram желісінде жазба жариялап, өзінің қазіргі жағдайы туралы айтты

Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан жүктілігі қалай өтіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Instagram желісінде жазба жариялап, өзінің қазіргі жағдайы туралы айтты.

«Инстасыз комфортқа кіріп кетсем бітті, шығуым ұзақ болады. Үшінші триместр сериал, күтім, ұйқы және тек тамақтанумен өтіп жатыр.

Әйел адамның бақытты болуы үшін көп нәрсе керек емес екен ғой», - деп жазды әнші Instagram Stories-те.

Айта кетейік, осыған дейін әнші құрсағында сәбиінің қыз болатыны туралы айтқан болатын.