Астанада әйел адам 1,5 млн теңге тұратын гауһар сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Автор: Асыл Арман

Күдікті қолға түсті

Фото: istockphoto.com

Астанада әйел адам бриллиант сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген. Нұра ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 33 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында ұсталған азаматша аспаз болып жұмыс істеуге келгені белгілі болды. Жатын бөлмесіне кіріп, қобдишада тұрған алтын бұйымдарының арасынан бриллиант тасты алтын сақинаға көзі түскен. Жәбірленушіге тиесілі жалпы құны 1 млн 500 мың теңге болатын бриллиант тасты алтын сақинаны ұрлап, елордадағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген.

«Елорда тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді. Жеке мүліктерін тексеру барысында,  қалтасынан ломбардқа өткізгендігін дәлелдейтін түбіртек шыққан. Бойжеткеннің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана қаласының тәртіп сақшылары азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады», - делінген қалалық ПД хабарламасында.