Қайтыс болған адамның жетісін, қырқын, жылын өткізуге ресми түрде тыйым салынды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Діни басқарма ресми түрде пәтуа шығарды

Фото: istockphoto.com

Қырғызстанда қайтыс болған адамның жерлеу рәсіміне, одан кейінгі рәсімдерге белгілі бір деңгейде шектеу енгізілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Вечерний Бишкек» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің діни басқармасы жерлеу кезінде мал союға тыйым салды. Сол сияқты еске алуға арналған үшін, жетісін, қырқын, жылын өткізуге де шектеу енгізілді.

Қырғызстанның діни басқармасы бұдан бөлек қабірлерге мәрмәрдан, темірден және граниттен жасалған мүсіндер, ескерткіштер қоюға тыйым салады.