$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында зейнеткер алаяқтарға сеніп, 5 млн теңгесінен айырылып қалды

Ол сотқа арыз түсірген

Жамбыл облысында зейнеткер алаяқтарға сеніп, 5 млн теңгесінен айырылып қалды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында зейнеткер алаяқтарға сеніп, 5 млн теңгесінен айырылып қалғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл аудандық соты телефон алаяқтарының құрбаны болған зейнеткердің арызын қанағаттандырды.

2024 жылдың тамыз айында Қостанай тұрғыны WhatsApp желісінде қала әкімі мен ҰҚК қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтардан хабарламалар алған. Белгісіз тұлғалар оның аты-жөні террористік ұйымға қатысы бар адамдардың тізімінде екенін айтып, «тексеру үшін» көрсетілген есепшотқа ақша аударуды талап еткен.

Нұсқауларды орындай отырып, зейнеткер жинап жүрген 4,9 млн теңгесін алып, жауапкер Д-ның есеп шотына жіберді. Сот ақшаның заңды негізсіз алынғанын анықтап, жауапкерден шығындар мен мемлекеттік баждарды қоса алғанда 5,2 млн теңге өндіруге міндеттеді.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары