Ол жылдам жүрген мотоцикл жүргізушісіне ескерту жасады
Желіде мотоцикл мінген ер адамға патрульдік полиция қызметкерінің ауызша жасаған ескертуі жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео әлеуметтік желіде таралды. Онда полицейдің жылдам жүрген мотоцикл қызметкеріне жасаған ескертуін байқауға болады.
«Братишка, ана өмірге бәріміз барып үлгереміз. Асықпасай», - дейді патруль қызметкері дауыс зорайтқышпен.
Полицейдің бұл ісіне жұртшылық еріксіз сүйсінді.
«Жол-пол қызметкерлеріне үлгі ғой», «Ағалық ақыл деп қабылда», «Мұндай МАИ қызметкерлері өте көп», «Осындай жігіттің анасына мың алғыс», «Жол сақшылары осылай мейіріммен жұмыс істесе ғой», - деп жазды желі қолданушылары.