Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді
Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдікті бір топ адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген.
«Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.