Министрлік сарбаздардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты
Түркияда арнайы операция барысында бір сарбаз мерт болды. Оқиғаға қатысты елдің ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі TRT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, Ирактың солтүстігінде «Пенче-Килит» операциясы жүргізілген.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде қатардағы жауынгер Мұстафа Услу қақтығыста қаза болды.
Түрік Қарулы Күштері сарбаздың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан әскерінде мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаз ШҚО-да көз жұмғаны хабарланған болатын.