Синоптиктер болжамы жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ болады, қар жауып, қатты жел болады деген болжам жасады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Семейде күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту сақталады.
Қонаев, Жетісу және Алматы облыстарында екпіні 17-22 м/с болатын қатты жел болады.
Қызылорда, Тараз, Өскемен, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады деп болжанып отыр.
Оралда, сол сияқты Жамбыл, Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қалың қар, боран, көктайғақ, тұман және жел болуы мүмкін.