Дзюдошы Шерзод Давлатов Еуропа кубогында алтын алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Спортшы 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады

Фото: комитет

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан Еуропа кубогында жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.

«Бұл жеңіс – спортшының халықаралық ареналардағы кезекті табысы. Бұған дейін, 2024 жылы Давлатов Загребте өткен Гран-при жарысында топ жарып, финалда Азербайжан спортшысы Ахмад Юсифовты аси-вадза әдісімен жеңген болатын», — делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар ол әскерилер арасындағы әлем чемпионатының финалисі атанған.

Қазіргі таңда ҚР ұлттық құрама командасы дзюдошылары халықаралық турнирлерге қатысу арқылы рейтинг ұпайларын жинауды жалғастырып жатыр.