Жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді
Батыс Қазақстан облысында автобус пен жеңіл көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апаты Зачаганск кентінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, 22 ақпан күні сағат 15:00-де ВАЗ 21703 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, №7 бағыттағы ПАЗ маркалы автобуспен соқтығысқан.
«Автобуста 10 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ал жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алып, медициналық көмек алу үшін травматология бөлімшесіне жеткізілді», — делінген хабарламада.
Жол апатының нақты себептері анықталып жатыр.