Синоптиктер төрт қала тұрғындарына далада ұзақ серуендемеуді ұсынды

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Фото: © istockphoto.com

Синоптиктер 23 ақпанда Алматы, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ауа сапасының нашарлайтынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, бұл қалаларда қолайсыз метеожағдайлар күтіліп, ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы артуы мүмкін.

Мамандар тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:

  • Ашық ауада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтарға жақын жерлерде жүруден бас тарту.
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден аулақ болу.
  • Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға таза ауаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру.
  • Ашық ауада ауыр физикалық жүктемеден бас тартып, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.