Астанада 300-ге жуық заңсыз мигрант анықталды

Автор: Дәуренқызы Алма

15 жұмыс беруші шетелдіктерді заңсыз жұмысқа қабылдаған

Фото: istockphoto.com

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 279 шетел азаматы мен 53 қазақстандық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, көші-қон қызметінің тексеруі барысында 15 жұмыс берушінің шетелдік азаматтарды әкімдіктердің рұқсатынсыз заңсыз жұмысқа қабылдағаны белгілі болды.

Көші-қон полициясының басшысы Ербол Махметовтың айтуынша:

  • 67 шетелдік ел аумағынан шығарылды;
  • Қазақстаннан кету туралы сот шешімін орындаудан жалтарған 11 адам мәжбүрлі түрде шығарылды;
  • Шығу визасының мерзімі өтіп кеткен Нигерия азаматына ӘҚБтК-нің 517-бабы («Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша хаттама толтырылды.