$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жалған хабарландыру арқылы жоқ үйлерді жалға беріп жүрген әйел адам ұсталды

Күдіктінің 5 эпизодқа қатысы бар екені анықталды

Астанада жалған хабарландыру арқылы жоқ үйлерді жалға беріп жүрген әйел адам ұсталды
Фото: istockphoto.com

Астанада жалған хабарландыру арқылы жоқ үйлерді жалға беріп жүрген 29 жастағы әйел адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Krisha.kz сайтында үйлерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Жәбірленушілермен хат алмасу кезінде ол Астана, Алматы қалаларында және «Бурабай» демалыс базасында үйлерді жалға беруге уәде еткен.

«Пәтер жалдауға қызығушылық танытқан азаматтар жалған банк шоттарына алдын ала төлемдерді аударып, кейін пәтер иесімен байланыс үзілген. Нәтижесінде жәбірленушілер ақшасынан айырылды.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, күдіктінің 5 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға және ақша аударудан бұрын ақпаратты мұқият тексеруге шақырады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласу қажет», - делінген қалалық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары