Жобаның жылдық қуаттылығы 10 миллиард текше метр
Ресей Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерін газбен қамтамасыз ету мақсатында магистральдық газ құбырын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ресей Федерациясының құқықтық ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ресей үкіметінің 2025 жылғы 18 ақпандағы қаулысына сәйкес, жоба жылдық қуаттылығы 10 миллиард текше метр болатын газ құбырын салуды көздейді. Сонымен қатар компрессорлық станциялардың жалпы қуаттылығы 50 МВт-ты құрайды.