Автонесие алу жеңілдетілді: екі жылда көлік алып үлгеріңіз

Автор: Дәуренқызы Алма

Қазақстанда автонесие алу талаптарын жеңілдететін түзетулер күшіне енді

Фото: pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына сәйкес, қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін жаңа автокөлік сатып алу үшін көлікті кепілге қою арқылы несие алған кезде қарыз алушының жалпы төлем жүктемесі есептелмейтін. Жаңа түзетулер бұл талапты 2025 және 2026 жылдарға тоқтатады. 

Яғни мына жағдайларда талап тоқтатылады:

  • жаңа автокөлік сатып алу;
  • 50 пайыздан жоғары бастапқы жарнамен ескі автокөлік алу;
  • 30-50 пайыз аралығындағы бастапқы жарнамен үш жылға дейін пайдаланылған автокөлік сатып алу.

Ведомство бұл өзгерістердің мақсаты – отандық автоөнеркәсіпті қолдау және жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тиімділігін арттыру екенін мәлімдеді. Сонымен қатар кепілге қойылған автокөліктер дефолтқа ұшырамауы үшін кешенді сақтандырумен қамтылады.