Өзбекстандық актриса Диана Ягофарова қазақстандық фильмге түскен еді
Белгілі актер Қайра Әділгерей туған күнін шырайлы Ташкентте қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шетелге сапарының екінші күнінде оны әріптесі, «Супер келін» фильмінен белгілі актриса Диана Ягофарова күтіп алып, Ташкенттің қасиетті жерлерін көрсетті.
«Бәріне Ассалау'мағалейкум! Сіздерді қарсы алып, өздеріңізбен Ташкентте жүздескенімізге қуаныштымыз. Қош келдіңіздер!», – деді актриса.
Актер сапарының негізгі мақсаты - өзбек эстрадасының патшайымы, танымал әнші Юлдуз Усманованың концертіне қатысу. Әртіс сол үшін Ташкентке арнайы барған.