Алаяқ Алматы облысында ұсталды
Алматы облысында полицейлер 2023 жылы қайтыс болған баласын емдеуге қаражат сұрап, алаяқтық жасаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, 31 жастағы Қонаев қаласының тұрғыны адамдардың сеніміне кіріп, заңсыз ақша жинаған. Сонымен қатар оның тағы бір алаяқтық ісіне қатысы бары анықталды: ол науқас баланы емдеуге қаражат қажет деген желеумен азаматтарды алдап келген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.