«Әжесінің дәрілерін ішіп қойған»: 5 жасар қыз уланып, қаза тапты

Автор: Дәуренқызы Алма

Бала түнде қараусыз қалған

Фото: видеодан кадр

Әзербайжанның Бейлаган ауданында 5 жасар бала дәріден уланып, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Oxu.Az порталына сілтеме жасап.

Марқұм Дениз Таирли түнде қараусыз қалған. 

«Ол қант диабетіне қарсы дәріні қателесіп жұтып қойған. 15-20 минуттан кейін отбасының кіші баласы әпкесінің дәрі ішіп қойғанын айтты. Ата-анасы оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, қыз көп ұзамай қайтыс болды», – дейді марқұмның туыстары.

Дениз Таирли Бейлаган орталық аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу басталды.