Жоғарғы қабаттардан 7 адам құтқарылды
Ақтөбе қаласы Есет батыр ықшамауданында тоғыз қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатында пәтер өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жедел жеткен өрт сөндірушілер арнайы саты арқылы және баспалдақ маршымен жоғарғы қабаттардан 7 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, 65 адамды, оның ішінде 13 баланы эвакуациялады», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт 20 шаршы метрге тараған. Зардап шеккендер жоқ, от тұтануының себебі анықталып жатыр.