$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада ақылы тұраққа жауапты компанияның жылдар бойы заңсыз жұмыс істеп келгені анықталды

Ақылы тұрақтың бір сағатының құны – 100 теңге

Астанада ақылы тұраққа жауапты компанияның жылдар бойы заңсыз жұмыс істеп келгені анықталды
Фото: Azattyq Rýhy

Астанада ақылы тұраққа жауапты мекеменің жылдар бойы заңсыз жұмыс істеп келгені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғарғы Сот Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДАД) департаментінің «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС астананың тұрақ кеңістігін басқару жөніндегі МЖӘ жобасы шеңберінде серіктес ретінде тартудың заңдылығына қатысты тұжырымдарын заңды деп таныды.

Агенттік мәліметінше, жеке серіктесті таңдаудың заңдылығын тексеру мақсатында БҚДАД тергеп-тексеруі 2023 жылы жүргізілді. Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жеке серіктес – «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-ға заңсыз артықшылықтар бергені анықталды. Аталмыш ЖШС-мен Астана қаласының әкімдігі 2018 жылы «Астана қаласының ақылы тұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасын іске асыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан.

«Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері басқарма конкурс өткізу кезінде басқа қатысушыларды шектейтін біліктілік талаптарын белгілегенін көрсетті.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың нормаларына қайшы келетін елорда мәслихаты бекіткенге дейін жеке әріптеспен МЖӘ шартына қол қойылған.

Тергеу нәтижелеріне тараптар сотқа шағымданды. Сот процестерінен кейін Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы монополияға қарсы тергеу нәтижелерінің заңдылығын мойындады.

Осыған байланысты монополияға қарсы орган басқармаға «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен МЖӘ шартын бұзу жөнінде шаралар қабылдау туралы ұйғарым шығарды», - делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарламасында.

Айта кетейік, ақылы тұрақтың бір сағатының құны – 100 теңге.

Серіктес жаңалықтары