Тоқаевты Иордания королі салтанатты түрде қарсы алды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданиядағы Әл-Хусейния сарайына келді

Фото: Ақорда

Қазақстан президентін король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.