$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Дубайдағы қызметім үшін»: атышулы блогер Мадлен өзі туралы ашық мәлімдеме жасады

Ол әлеуметтік желіде осыған қатысты арнайы жазба жариялады

«Дубайдағы қызметім үшін»: атышулы блогер Мадлен өзі туралы ашық мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/_m_a_d_l_e_n

Атышулы танымал блогер Мадина Мамадалиева (лақап есімі – Мадлен) өзіне қатысты ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер Instagram парақшасының Stories бөлімінде өзі туралы жұрттың ойын күтіп отырғанын айтты.

«Оқырмандарым мені Дубайдағы қызметім (ред. – интимдік) үшін қолма-қол алады деп ойлай ма, әлде шынымен де блог арқылы ақша табамын ба, осыны күтіп отырмын. Кімге қайсысы ыңғайлы», - деп жазды Мадлен.

Айта кетейік, осыған дейін блогердің эскорт қызметіне қатысы бар екені туралы сыбыс тарап, оқырмандарының бірі оның өзіне тікелей сұрақ қойған. Алайда, блогер бұл сыбыстың жалған екенін, бүкіл шығынын маңдай терімен тапқан ақшасымен өзі төлейтінін айтып, жауап берді.

Сонымен қатар, осыған дейін Мадинахон Мамадалиева өзінің атына кір келтірген стендап әзілкешін сотқа беретіні хабарланған болатын.

Бірер күн бұрын Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті камералдық бақылау кезінде 594 блогер 53,3 млрд теңге салығын жасырғанын хабарлаған. Ал журналист Михаил Козачков Telegram желісінде Мадинахон Мамадалиеваның 517 млн 872 мың 105 теңге салық төлемегені көрсетілген жазба жариялаған.

Серіктес жаңалықтары