«Қазақмыс» шахтасындағы апат: екі комиссия 10 күн ішінде жұмысын аяқтайды

Автор: Аягөз Құрмаш

Шахта уақтыша жұмысын тоқтатты

Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішіндегі авария жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 402 адам эвакуацияланды.

«Үкіметтік комиссия аварияның тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Алдын ала деректер бойынша шахтада табиғи газ жарылған. Комиссия мүшелерімен бірлесіп, авария болған жерді қарап, қаза тапқандардың отбасыларымен кездестім. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі арнайы кіші комиссия құрылды. Оның бірі аварияның туындау себебін, екіншісі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтауы тиіс. Осы екі комиссия өз жұмыстарын 10 күннің ішінде аяқтауы қажет», - деді ол.

Бозымбаев атағандай, шахтаның жұмысы уақытша тоқтаған.

«Сонымен қатар қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіліп жатыр. «Қазақмыс» жерлеу рәсімін өтеп, олардың жылдық орташа жалақысының 10 еселенген төлемін, балалардың оқу ақысы мен алған неислерін өтейді. Кеншілердің отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы мен асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік өтемақы тағайындалады. Жерлеуге арналған өтемақы төленеді. Тергеу нәтижелері комиссия жұмысы аяқталған соң ұсынылады», - деді Қанат Бозымбаев.

Өз кезегінде үкімет басшысы Олжас Бектенов тексеруді мұқият жүргізуді тапсырды.