Жаңаөзенде 1 миллион үшін енелер мен келіндер сынға түсті

Автор: Дәуренқызы Алма

Байқау кешінде Мөлдір Әуелбекова өнер көрсетті

Фото: видеодан кадр

Жаңаөзен қаласында жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан «Ене мен келін сыйластығы» байқауы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жобаның басты мақсаты – қазақи салт-дәстүрді жаңарту. 

«Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, бас жүлдеге 1 миллион теңге, бірінші орынға 500 мың теңге, екінші орынға 300 мың теңге берілсе, үшінші орын алған ене мен келін 200 мың теңгеге ие болды», – делінген Taspanews жазбасында. 

Кеште Мөлдір Әуелбекова ән салып, жеңімпаздарды құттықтады.