$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сабақ оқымағаны үшін қызын пышақтаған ана 6 жылға сотталды

Сотталушының 6 баласы әкесі мен әжесінің қарамағында болады

Сабақ оқымағаны үшін қызын пышақтаған ана 6 жылға сотталды
Фото: видеодан кадр

Солтүстік Қазақстан облысында 11 жастағы қызын сабағын дұрыс оқымағаны үшін пышақтаған көпбалалы анаға сот үкімі шықты. Судьяның айтуынша, әйел қанша өкініп, өз әрекетін ашу үстінде жасағанын айтса да, бұл жазаны жеңілдетуге негіз болмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Алты баланың анасы сот үкімімен алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін бостандықта болған оны сот залында қамауға алды. Сондай-ақ әйел ата-ана құқығынан айырылып, оның мектеп жасындағы үш баласы мен балабақшадағы сәбиін әкесі мен ата-әжесі қамқорлығына алды.

Оқиға былтыр қыркүйек айында болған. 11 жастағы қызын анасы бірнеше жерден пышақтаған. Жағдайы ауырлаған бүлдіршінге 500 шақырым жерден тікұшақпен дәрігерлер келіп, шұғыл ота жасап, өмірін әрең сақтап қалған еді.

«Сотталушы бұл қылығын ашу үстінде жасапты. Қатты ызаланған ол ас үйден пышақ алып, қызын үш жерден пышақтаған. Ар жағы есінде жоқ, тек енесінің араша түсіп, тоқтатып жатқанын біледі», – деді судья Әсемгүл Тоқтарбаева.

Сараптама нәтижесі әйелдің қылмыс жасаған сәтте ақыл-есі дұрыс болғанын көрсетті.

Айта кетейік, сотталған әйел жетінші баласына аяғы ауыр. Алайда бұл жайт та оның жазасын жеңілдетуге әсер етпеді. Сот алты жыл – ең әділ жаза деген шешімге келді.

Серіктес жаңалықтары