Полиция тұрғындар шағымына немқұрайлық танытып отыр
Астанадағы Khan Plaza тұрғын үйінде белгісіз біреу пәтерлерді аралап, тың тыңдап, есік тұтқаларын сындыруға әрекеттенген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист Сырым Иткулов өзінің Telegram-дағы парақшасында елордалықтар видео жіберіп, шағымданғанын айтады. Бәз біреу жұма күні кешке тұрғын үй ішін аралап, тың тыңдап, іште адам бар-жоғын тексерген көрінеді.
«Бір пәтердің құлыпын аша жаздады, бірінші құлыпты ашып, екіншісіне кіріскенде қабатқа басқа адамдар келіп қалған. Ол оқиға орнынан қашып кетті.
Тұрғындар полицияға жүгінген, бірақ олар немқұрайлық танытқан: «Үйіңізге кірген жоқ қой, ешқандай төтенше жағдай болған жоқ, сондықтан ештеңе істей алмаймыз», – деп жазады Иткулов.