«Не киіп алған?»: тойда қысқа киінген бойжеткен мен жанындағы тамада сынға қалды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Желі қолданушылары екеуін де қатаң сынға алды

Фото: Видеодан скрин

Тойлардың бірінде қысқа киініп, бұралып билемек болған бойжеткен мен оны көріп эмоциясын жасыра алмай қалған тамада жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода тамада бойжеткенді орнынан тұрғызып, қасына барған соң бір орнында секіріп тұрғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары екеуін де қатаң сынға алды.

«Қазіргі қыздар тыңдамайды ешкімді. Қып-қысқа етіп киіп алады, жанында отырып, өзіміз ұяламыз», «Осы асабалардың түкке керегі жоқ, тек жастарды масқаралап жүреді», «Той мен клубты шатастырған-ау», «Жалаңаш келмеді ме оданда», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, жуырда тойлардың бірінде тым ашық киініп келген бойжеткен жұрттың ашуына ұшыраған болатын.