«Қазақмыс» өз шахтасында қаза тапқан 7 кеншінің суретін жариялады

Автор: Аягөз Құрмаш

Компания қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетеміз дейді 

«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау облысындағы өз кенішінде қаза тапқан жеті адамның суретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қайғылы оқиғада қаза тапқан жеті әріптесіміздің отбасына, жақындарына және барша туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл — біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Әрбір қызметкеріміздің амандығы – біздің басты құндылығымыз. Біз бұл жағдайды терең зерттеп, тиісті шара қабылдаймыз. Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Біз барынша қолдау көрсетеміз», - деп жазды «Қазақмыс» корпорациясы.

Еске салсақ, Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан 7 адам қаза тапқан еді.