Ғарыш кемесі Илон Масктің SpaceX компаниясына тиесілі
АҚШ-та Crew Dragon ғарыш кемесімен астронавтарды ұшыру ауа райына байланысты кейінге қалды. Бұл Америка жерінде тоғыз жыл ішінде алғаш рет ғарышқа сапар болады деп күтілген. Ғарыш кемесінің ұшырылуы SpaceX сайтында көрсетіледі, деп хабарлайды РИА Новости.
«Ауа райына байланысты ұшпай қалу сирек кездесетін жағдай, әдетте резерв ретінде екінші күн белгіленеді. Бір күн бұрын синоптиктердің болжамынша, ауа райының қолайлылығы 60% болса, сәрсенбі күні таңертең бұл көрсеткіш 50%-ға дейін төмендеді. Бұл Crew Dragon ғарыш кемесін алғаш сынақтан өткізу сапары және ғарыш кемелерін ұшыру бағдарламасы тоқтатылғаннан бері, (2011 ж.) Америка аумағынан ғарышкерлердің алғаш ұшуы болатын. Ол ХҒС Даг Херли мен Боб Бенкенді жеткізуі керек еді. NASA астронавтары капсуладан орын алып үлгерді. Тіпті, кемені орбитаға жеткізетін Falcon-9-ды жанармайға толтырған», - делінген ақпаратта.
Ғарыш кемесінің ұшу сәтін тамашалу үшін АҚШ Президенті Дональд Трамп, вице-президент Майк Пенс және басқа да шенеуніктер келген еді.
NASA рейстерді қалпына келтіру үшін SpaceX және Boeing компанияларымен келісім-шарттарға қол қойды. Олар Crew Dragon және Starliner кемелерін жасайды. 2019 жылы наурыз айында Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына алғаш ұшқышсыз кеме жіберді. 2019 жылдың желтоқсанында мұндай рейсті Starliner де жасады, бірақ техникалық себептерге байланысты ол ХҒС-қа қондырылған жоқ.