Оның жеке басы анықталып жатыр
ТЖМ іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылғандығын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
ҚР ТЖМ жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түскен.