Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алды
Мәскеуде Қырғызстаннан келген такси жүргізушісіне оқ атқан ер адам қолға түсті. Бұл туралы Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы Telegram арналарында жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, Шешенстан Республикасының тумасы Geely автокөлігін басқарып келе жатып, такси жүргізушісімен жанжалдасып қалған. Келіспеушілік кезінде ол тапанша алып, оқ атқан.
Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің ақпаратына сәйкес, жараланған азамат – Қырғызстан тумасы, 1998 жылы 12 шілдеде дүниеге келген Ш.С. Ол ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алды.
Қазіргі таңда күдікті ұсталып, оның травматикалық қаруы тәркіленді. Оған қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 115-бабының 2-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жәбірленуші Ш.С.-тың Ресей азаматтығы да бар.