Тоқаев ертең ресми сапармен Иорданияға барады

Автор: Асыл Арман

Ол король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыртуымен барады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Иорданияға баратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады

«Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді», - делінген хабарламада.