«Бала кезінен аумайды»: Мейрамбек Бесбаев ұлымен бірге жаңа бейне түсірді

Автор: Асыл Арман

Видеода әнші ұлымен бірге шахмат ойнап, қол күрестірді

Әнші Мейрамбек Бесбаев ұлымен бірге клип түсіріп, жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода әнші ұлымен бірге шахмат ойнап, қол күрестірді.

Желі қолданушылары әншінің бұл видеосын сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.

«Қандай жарасымды. Әке мен баланың тату тәтті, мейірім мен шапағатқа толы қимас та қайталанбас сәттері», «Бала кезінен аумайды екен», «Өзіңізден аумай қапты», «Мейрамбектің көзінде әкенің балаға деген махаббаты мен сүйіспеншілігі тұнып тұр», «Әкесінің ән айтып шыққан кезінен аумайды», - деп жазды желі қолданушылары.