Қазақстанда пойыз билеттері 1 наурыздан бастап қымбаттайды

Автор: Дәуренқызы Алма

Қазақстанда 2025 жылғы 1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы 7 пайызға өседі

Фото: pixabay.com

«Пассажирские перевозки» АҚ мәліметінше, тарифтердің көтерілуі барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттар мен кейбір қала маңы пойыздарына қатысты болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 94-бабы 2-тармағына сәйкес, тарифті өзгерту қарастырылған. 

Компанияның хабарлауынша, жаңа тарифтер ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес белгіленген.