Бұл – әлемдік турдың кезеңіндегі екінші жүлде
Шорт-тректен 15-16 ақпан күндері аралығында Миланда (Италия) өтіп жатқан әлемдік турдың кезеңінде жігіттеріміз 5 мың метрлік қашықтықтағы командалық сайыста қола жүлдені жеңіп алдығ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Финалдық бәсекеде ұлттық құрама сапынан Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті», – делінген ҰОК хабарламасында.
Айта кетейік, бұл 2024-2025 жылы аралығында ұйымдастырылып жатқан әлемдік турдың кезеңіндегі екінші жүлдеміз.
Бұған дейін 2024 жылдың желтоқсан айында аруларымыз 3 мың метрлік қашықтықта да қола жүлдені жеңіп алған еді.