$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біраз қыздан қылықты»: трансгендер Нико Тұрғанова ерлердің көз жауын алды (ВИДЕО)

Желіде трансгендер қыздың демалыс кезіндегі видеосы тарады

«Біраз қыздан қылықты»: трансгендер Нико Тұрғанова ерлердің көз жауын алды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/niko_nett

Niko_nett лақап атымен танымал трансгендер қыздың жанкүйерлерінің көптігі жұрт арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Әлеуметтік желідегі видеода Нико Тұрғанова демалыс орындарының бірінде біраз адамның назарын аударғанын көруге болады. Жігіттер бірінен кейін бірі суретке түсіп жатты.

Желі қолданушылары жігіттердің әрекетін қызу талқыға салды:

«Біраз қыздан қылықты екенін мойындайықшы», «Мен өткен аптада оны көрдім, жігіттер басын алмай қарап қалды», «Қазақтар өзгерген», «Сыртқы сұлулық деген осы екен ғой», – деп жазады оқырмандар.

Нико Тұрғанова да қарап қалмай, сыртынан видео түсіргендерге жауап берді.

«Мен бір күн болсын, адам сияқты камералар мен папарациясыз демала аламын ба?! Тап бір Америка ашқандай. Жігіттерге ұнайтыным баяғыдан белгілі, бірақ суретке түскеннің еш әбестігі жоқ деп ойлаймын», – деді блогер.

Серіктес жаңалықтары