Қазақстан хоккей федерациясы 12 адамға жаза қолданды
Қазақстан хоккей федерациясы Атырауда өткен Қазақстан чемпионатының финалдық матчынан кейін болған жаппай төбелеске қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
CMN.KZ хабарлауынша, ойын аяқталғаннан кейін «Бейбарыс» пен «Арлан» хоккейшілері ғана емес, жаттықтырушылар мен клуб қызметкерлері де төбелеске араласып кеткен. Жанжал салдарынан 12 адамға, оның ішінде дәрігерге де жаза қолданылды.
Желіде мұз айдынындағы және трибунадағы төбелестің видеосы тарап, хоккей жанкүйерлері арасында қызу пікірталас тудырды. Полицияның мәліметінше, 21 жастағы екі хоккейші арасындағы түсініспеушілік жанжалдың басталуына себеп болған. Екеуі де бөлімшеге жеткізіліп, бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жіберілді.
Қазақстан хоккей федерациясы ұсынылған бейнематериалдар мен матч төрешілерінің есебін сараптай келе, тәртіп бұзған ойыншылар мен команданың өкілдеріне тиісті жаза қолдану туралы шешім қабылдады.